Диабеттік табан синдромын емдейтін бөлімше қайта жұмыс істеп жатыр. Бұл жөнінде Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеді. Тек алдағы уақытта көлемін ұлғайту қажет. Ал диабеттік төсектердің саны 15-тен 50- ге артыпты.

Диабетикалық табан синдромы – бұл декомпенсация кезеңінен кейін ауру басталғаннан 15-20 жылда пайда болатын қант диабетінің анағұрлым асқынуы. 90% жағдайда диабетикалық табан синдромы екінші типті қант диабеті кезінде диагностикаланады. Ауру терінің, жұмсақ дәнекер тіндердің, ал ауыр жағдайларда, табанның сүйек тінінің жара-шірігі.

Қант диабеті асқынған науқастарға шұғыл хирургиялық көмек көрсету үшін қалалық №2 аурухана базасында диабеттік табан бөлімшесі көктемде ашылған. Аурухана дәрігерлері бұл синдроммен келген пациенттің аяқ ампутациясын алдын алу мақсатында эндоваскулярлы баллонды ангиопластика, яғни стенттеу отасын жасайды. Тіліксіз ота арқылы науқастың аяғын аман алып қалуға болады. Өзінің соңғы кезеңінде диабетикалық табан аяқ-қолдың гангренасына әкеп соғады. Соңы – өлім. Ал мұндай операция қан ағымын жақсартып, жараның жазылуына жақсы ықпал етеді дейді дәрігерлер. Осылайша, қант диабетімен ауыратын науқастардың өмір сапасы жақсара түседі.