Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері үш жасар қыздың бөлшектенген саусағын жалғап берді. Қолың еттартқыш шайнап кеткен балаға бірнеше күрделі ота жасады. Қатты жарақат алған балақай бес айдан бері ауруханада ем қабылдап жатыр.

Оқыс жағдай 2024 жылдың наурыз айында болған. Зардап шеккен бала анасының жанында ас үйде жүрген кезде электронды еттартқыш баланың қолын тартып кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауруханаға қолы еттартқышқа кептелген күйінде жеткізілді. Дәрігерлер Сайрам ауданынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына санавиация желісімен ауыстырған. Облыстық балалар ауруханасындағы білікті дәрігерлері бүлдіршінге нэкректомия және тері алмастыру отасын жасап, зақымданған саусақтарын хирургиялық жолмен қайта қалпына келтіріп берді. Қазіргі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық, ақ халаттылардың бақылауында.