VIII "Азия балалары" халықаралық ойындары өз мәресіне жетті. Ресей Федерациясының Якутск қаласында ұйымдастырылған тартысты додада жерлесіміз Жалғасбек Абданбек Белбеу күресінен алтын медальға ие болып жеңімпаз атанды.

50 мемлекеттің арасында топ жарған спортшыны туған туыстары мен қала тұрғындары зор қошпетпен қарсы алды. Жас өнерпаздар концерттік бағдарлама ұйымдастырса, айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов ақ жарма тілегін арнауымен жеткізді. Өз кезегінде балуан халықаралық сайыстың ерекшелігі мен қарсылас шақ келтірмеудің қыр-сырымен бөлісті. 4 жылда бір келетін байрақты бәсекеде спортшымыз 55 келі салмақта өнер көрсетті. Айта кетейік, "Азия балалары" ойындарына елімізден 19 спорт түрінен 200 қатысушы бақ сынады. 54 жаттықтырушы, 6 төреші барды.