Мопед айдаушылар көбеюімен жол көлік оқиғасы да жиілеген. Мәселе ережені елемеудің салдарынан туындап жатыр. Жастар қала көшелерінде тіпті волосипед айдаудың өзіндік тәртібі барын біле бермейді. Сондықтан сала мамандары жасөспірімдер мен қала тұрғындарына жол ережелерін түсіндіріп, арнайы дәріс өткізді.
Орталық алаңға жиналған жастарға алдымен арнайы түсіндірме қағаздары таратылды. Онда ережені берік ұстану мен көлік оқиғасының салдары жазылған.
Жыл басынан бері жол көлік оқиғасы 6 пайызға өскен. Қаза тапқандар саны да едәуір артқан. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен 286 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 5 жеткіншек бақилық болған. 20 мапед көліктері жол көлік оқиғасын тудырып, 6 адам қаза тапқан.
Шараның жастарға берері мол. Белсенді топ электросомакаттер мен мапедті айдап көріп, мамандардан тегін кеңес алды. Бұл күні жеткіншектер өздері біле бермейтін кейбір кедергілермен күресу жолдарымен танысты.
Мамандар «Қауіпсіз жол» акциясын осылайша жаңа форматта ұсынып отыр. Бұл шара дәстүрге айналмақ. Сол арқылы жастардың қатысумен болатын көлік оқиғаларының жолын кеспек.