Контрафактық қылмыс – өзгенің тауарын не тауар белгісін меншік иесінің рұқсатынсыз тасылмалдау және пайдалану. Авторлық құқықты өрескел бұзып, өзгенің еңбегіне қол салғандар заң алдында жауап береді. Әділет департаменті жұмысты жаңадан бастаған кәсіпкерлерге өз тауар белгісін таңбалап, тіркеу қажеттігін ескертеді.


Базарға не дүкенге бара қалсаңыз, шетелдің бәсі басым брендтері алдыңыздан менмұндалап шыға келеді. Тіпті сатушылар гучиды бес мыңға, найкты он мыңға, зараны жеті мыңға түпнұсқа деп саудалап жіберуге бар. Қарапайым халық оған қалтқысыз сеніп, сапасыз, көшірме тауар үшін тірнектеп жиған ақшасын желге ұшырады. Мамандар қажет тауарды көшедегі жаймадан емес, арнайы дүкендерден алған жөн деп отыр.  


 Аты жер жарған брендтер халық сенімін иеленіп, сұраныс тудырады. Ал алаяқтар сұраныстағы тауардың көшірме нұсқасын жасап, сапасыз тауар саудалайды. Жарамыз тауар  алып, сапасы көңіл көншітпесе былай жасаңыз:


МҰХТАР БАҚЫТЖАНҰЛЫ, ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «Кез-келген тауардың артында құқық  иегерінің аты адресі бар, телефон номерлері жазылған.  Сол номерге хабарласып шығымдануына немесе  Бұдан сақтану жолдарын тиісті органдар да БАҚ өкілдері де айтып, жариялап жүр. Бірақ шығар нәтиже жоқ. Қанша айтсақ та алданғандар артуда, алдайтындардың да айласы жетіліп барады. Одан қорғану үшін ақпараттық сауаттылықты арттырып, сақтықты күшейту керек дейді мамандар.


Дүкеннен не сауда орталығынан белгілі бір тауар сатып аларда оның жарамдылық мерзіміне ғана емес, түпнұсқа не көшірме екеніне де мән беріңіз. Егер тауар сыртында көрсетілген брендке тиесілі болса, арнайы тауар белгісі, штрихкод, лицензиясы болуы тиіс.