Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті халыққа Жолдауы өзінің маңыздылығымен ерекшеленді. Қарулы күштердңғ ардагері Серікбай Онбаев осылай дейді. Отставкадағы полковник 50120 әскери бөліміне барып, Шымкент аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілерімен кездесті. «Президент маңызды құжатта ел дамуындағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Әсіресе, саяси, экономикалық, әлеуметтік тақырыптармен қатар әскер қатарындағы заң мен тәртіптің сақталуына да көңіл бөлді» дейді .


Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуы тиіс. Қарулы күштер басқада күштік құрлымдар осы  талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылығы жауапты» — деді. Қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің өзгергенін ескеріп: «Мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын одан әрі арттыра түсу үшін бәріміз адал, әрі әділ болуымыз, тек заң аясында әрекет етуіміз, берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере білуіміз керек», - деді Президент.


Осы орайда Қазақстан Республикасының әскерлерінің алдында зор міндеттер тұр. Ең бастысы мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау, қала көшелеріндегі заң мен тәртіпті сақтау жолында жауынгерлік әзірлікті одан әрі күшейте түсуіміз қажет. Ол үшін әр әскери қызметші өзінің жеке жауапкершілігін арттырып,  кәсіби шеберлігін пысықтап, әскери өмірде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды естен шығармағаны жөн, - деді отставкадағы полковник.