Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ақын, композитор, мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Ысқақпен кездесті.
 Әкім Ысқақ - тек отандық журналистика мен әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына да үлкен үлес қосып жүрген азамат. Ол қазақ тілінде жазылған алғашқы «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы. Сонымен қатар, оның «Қарлығаш», «Гүл қауызындағы тамшы», «Күн ұлымын» атты өлеңдері мен «Абзалдық әліппесі», «Жүректегі жазулар» сияқты шығармалардың авторы. Сондай-ақ, “Адам іздеп жүрмін”, “Алтыным”, “Көңіл қымбат”, “Адам-өмір дәптері”, “Күн ұлымын”, “Біздің бапақ” сияқты шығармалары мектеп бағдарламасына енгізілген. «Жүректегі жазулар» мен «Алтыным» кітаптары бірнеше тілге аударылған. Әкім мен ақынның кездесу барысында ұлттық идеологияны насихаттау және қазіргі жастардың патриотизмін қалыптастыру мәселелері сөз болды. Әдемі кездесу соңында қала әкімі шығармашылығына 50 жыл толуына орай ақынды мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық пен шығармашылық шабыт тіледі.