Қазақстан 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығын тартуы мүмкін. Қажетті ресурстар сарқылып, жарық жетіспеушілігі байқалады. Түйіннің күрмеуін Атом электр станциясы ғана тарқата алады дейді мамандар. Атом бекеті дегеніміз не, ол қалай жұмыс істейді? Чернобльдегі апат қайталанып жүрмей ме? Сауалдар Қазақстан халқы ассаблеясының жанынан құрылған ғылыми сарапшылық топ талқысында бағамдалды.


Жарық неге жиі өшіп, кейбір елді-мекендерге кезекпен беріледі? Тәжірибелі маман, энергия жетіспеушілігі қазірдің өзінде байқалады. Қыстың қамын, жазда ойла! – деп отыр. Халық дүрлігіп, секем алған Чернобль апаты, осыдан 38 жыл бұрын орын алған. Қазіргі технология мүлдем басқа, салыстыруға келмейді. Тәжірие жетілген. Әлемнің отыздан аса елінде, 450 –ге жуық атом бекеті бар. Мұнай, газ таусылғанда бармақ тістеп, көршіге жәутеңдеп отырмайық – дейді ғалым.


ТӨРЕБАЙ ТҰРМАНБЕКОВ, ФИЗИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ

 – «Бір атомдық станция емес, негізі Қазақстанда үш станция қажет электр тапшылығын жою үшін.»  Бензин, газды қолданып жатыр қазір. Олардың бәрінің таусылатын уақыты болады. Болашақта электр энергиясы мен сутегі энергиясын пайдалану қажет болады.» 


 «Білім мекемелері студенттерді күштеп, дауыс беруге міндеттейді» Осындай дақпырт бар ел ішінде. Бірақ, ақпартың шындыққа жанаспайтынын Ө.Жәнібеков студенттері айқындап тұр. Шараға белсене атсалысқан студенттер, білікті мамандарға көкейтесті сауалдарын тосырқамай жолдады. Университет басшылығы да, міндеттеу жоқ, бірақ референдумның не, Аэстің қалай жұмыс істейтінін түсіндіреміз дейді.


ҚАЙРАТ АНАРБАЕВ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ПРОРЕКТОРЫ

- «Беру, бермеу туралы біз ешкімге нұсқаулық бермейміз. Біз ғалымдардың пікірлерін, тұлғалар пікірлерін тыңдауға  «Үлкен талдама жасаған ғалымдардың пікірлерімен танысуға үнемі шақырып отырамыз.«Ертең алтысында олар қайдай шешім қабылдайды, өздері біледі» 


Қарақат Маратқызы - студент. Айтуынша, референдум – демократия бөлшегі. Сондықтан азаматтық құқық нормасын пайдаланып, елдің болашағына үлес қосу қажет – дейді ол. Осы сынды дискуссиялар жиі өткізіліп, жастар пікірін еркін айтуы керек.


 ҚАРАҚАТ МАРАТҚЫЗЫ, СТУДЕНТ

 – « Жа сболсақ та осы бір дауыс беру арқылы біз еліміздің болашағын сақтап қала аламыз деп айта аламын. Өйткені болашақта жарық тапшылығынан аман қалу үшін, бүгін ұрыс таңдау жасау қажет.»


Шара студенттердің білікті мамандарға сауал жолдап, тұщымды жауап алуымен түйінделді.