Мегаполисті сапалы электр энергиясымен қамту жыл санап жақсарып келеді. Бағаналар жаңарып, қосалқы стансалар мен трансформаторлар жаңғыртылып жатыр. Шымкенттіктер «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, халық игілігін көріп отыр.


Бұл «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС қарасты №5 қосалқы станциясы. Мұндағы алып құрылғылар 6 шағынаудан түрғындары мен ондағы бизнес нысандарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Қосалқы станция инвест бағдарлама аясында 50 мың киловольт амперден 96 мың киловольт амперге күшейтілген.


ДИАС МАРАТОВ, «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ

---Өткен жылдарф т1 т2 жаңартып жаңасын қойдық ....


Қалада ауыстырылып жатқан трансформаторлар қуаттылығы артуда. Бір ғана Абай ауданында 10 трансформатор ауыстырылған. Мәселен 112 шағын орам тұрғындарына қуат беретін нысан 203 абонентті қамтиды. Оның 31-і заңды тұлғалар. Жаңа құрылғының күші шағын орамды электрмен қамтуға еркін жетеді.


ҚАНАТ ЖАНАҚБАЕВ, «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС АБАЙ АЭЖ БАС ИНЖЕНЕРІ

---Одан бөлек 13 трансформаторда сип кабель жүріп жатыр ....


Қазығұрт шағын ауданында 0,4 киловольттық Сип желісі тартылып, қазір абоненттеу шарасы қолға алынған. Желінің ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Бұл іске тұрғындар дән риза.


МАҚСАТ СЕРІКБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

---Былтыр 3 трансформатор ауысты Биыл 5 трансформатор ауыст...


 «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС биыл инвестициялық бағдарлама аясында 70 шақырымға жуық әуе желісін жаңартты. Қаланың әр бөлігінде 32 трасформатор құрылғылары қуаттылығы арттырыла отырып, жаңадан орнатылды. Бұл жұмыстар Шымкенттің алдағы жылыту маусымына дайындығының бір көрінісі.