Шымкентте ауылшаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді жоспар аясында қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Жоба аясында ашылған кәсіптің бірі – "АйМар Құс" құс фабрикасы. Халықаралық биоқауіпсіздік стандарттары бойынша құрылған. Тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан тілші бейнематериалы.


 "АйМар Құс" құс фабрикасы жылына 72 миллион дана жұмыртқа шығаруға қауқарлы. Бұл мегаполистегі осы өнімге деген қажеттіліктің 42 пайызын құрайды. Аумағы 5 га құрайтын құс фабрикасының құрылысы былтыр басталған. Кәсіптің жандануына "Даму" қоры ықпал етіп отыр. Бөлінген қаржы сомасы 4,8 млрд теңге, 4 пайыздық несиемен берілген.


Бүгінде балапан өсіруге 2, тауыққа арналған 4 цех, жұмыртқа сұрыптайтын орындармен қатар жұмыс істеп тұр. Фабрикадағы құстар гармондық қоспаларсыз, өсу стимуляторлары қолданылмай, генетикалық түрлендіргіш заттарсыз өсіріледі. Алдағы уақытта фабриканы үлкейтіп, тауық санын 660 мыңға жеткізу, сәйкесінше өнім санын арттыру жоспарда бар.


Фабрика жұмыртқалары тауықтың "СуперНик" элиталық тұқымдарынан алынады. Жаңадан ашылған нысанда 100-ге жуық азамат жұмыс істейді. Жұмысшылардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар.