Татарстанның «Кванториум» балалар технопаркі Шымкенткентке келді. Заманауи технологиялармен жабдықталған ұжым №2 Оқушылар сарайында шеберлік сабақтарын өткізді.


Осы мақсатта Ресейден Қазақстанға "КАМАЗ" базасында құрылған жылжымалы зертхана, сондай-ақ салмағы 300 келіден асатын түрлі құрал-жабдық жеткізілді. "Қазақстан Республикасындағы мобильді технопарк" білім беру марафоны аясында оқушылар виртуалды және толықтырылған шынайылыққа көз жеткізді. Авиамодельдеу және ұшқышсыз ұшу аппараттарын меңгерді. Робототехника, геоинформатика және картография бойынша дәріс алды. 3D модельдеу және ғарыш технологиялары бойынша шеберлік сабақтарына қатысты. Татарстан республикасынан келген мамандар мұнан кейін Алматы Тараз қалаларында болып, тәжірибе алмасуды көздеп отыр. 20 қыркүйекке дейін 5-11 сынып оқушылары үшін 48 білім беру іс-шарасын өткізу жоспарланған. Қазақстанда 750-ден астам оқушы жоғары технологиялар саласындағы жаңа өнімдермен танысады деп жоспарланып отыр.