«Жасыл ел» еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен кезекті тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға 300-ге жуық ерікті жас қатысып, Асанбай Асқаров атындағы Дендрологиялық саябақты абаттандырып, күл-қоқыстан тазартты. Қураған ағаштарды бұтап, шөптерді тырмалады.


Альбина Тұяқова «жасыл ел» еңбек жасағының еріктісі. Қаланың тазалығы үшін атсалысып жүрген жас. Өткен жылы күзде ай бойы жасақ құрамында болып, көшелер мен саябақтарды, өзен маңын тазалауға үлес қосқан. Үрдісті биыл да жалғастырып отыр.


АЛЬБИНА ТҰЯҚОВА - ЕРІКТІ

Күзде жапырақтар көп болғандықтан осы бүгін дендросаябағын тазалап жатырмыз. Көптеген аудандар жиналып, Тұран ауданы Әл-Фраби барлығымыз жиналып, осы ерді тазалап, жолдардың барлығын сыпырп жатырмыз.


Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қаланы көгалдандыру және экологиялық мәдениетті дамыту. «Жасыл ел» еңбек жасақтары жастарды маусымдық жұмыспен қамтумен қатар, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды жүзеге асырып келеді.


БАҚЫТЖАН ТҰРЫСБЕК - ТҰРАН АУДАНЫ БОЙЫНША «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ КООРДИНАТОРЫ

-- қазір біз енді 300 ден сас жас жұмыс істеп жатыр. Мынау енді таза Қазақстан алдыментаза қаладан басталады ғой? Таза қала ол жергілікті тұрғындардың міәдениетінен басталады. Біз сол тазалық мәдениетін нығайту мақсатында одан әрі жастармен А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябаққа сенбілік жұмыстарын жүргізуге келдік.


Еңбек жасағына 16 мен 35 жас аралығындағы кез-келген азамат қосыла алады. Жоба оқушылар мен студенттерді маусымдық жұмыспен қамтып, олардың бос уақытын тиімді өткізуге септігін тигізеді.