Таңнан бері таңдау жасаған жұрттың АЭС салу бойынша өтіп жатқан референдумға белсенділігі жоғары. Шымкентте жалпы саны 344 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 23-і жабық, онда азаматтардың ерекше санаттары үшін дауыс беру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Әріптесіміз Гүлсанат Қалмырзақызы рефрендум учаскелерінен ақпарат таратады.
Шымшаһардағы №98 референдум учаскесінде екі мыңға жуық дауыс беруші тіркелген. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін дауыс беруге бар жағдай жасалған. Тәуелсіз байқаушылар мен учаскеге жауаптылар саяси науқан барысында ешқандай құқықбұзушылық болмаған айтады.  
Ал, Қажымұқан атындағы орталық стадионда бұл күні арқан тартудан жарыс ұйымдастырылды. Мұнда №90 рефрендум учаскесі жұмыс істеп тұр.
 ГҮЛСАНАТ ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Біз қазір Шымкентегі №90 референдум учаскесінде тұрмыз. Мұнда 2496 адам тіркелген. Түске дейін соның 200-ге жуығы өз таңдауын жасап үлгерді. Учаскедегі жауартылардың айтуынша, жасы елуден асқан ел ағаларының саяси науқанға белсенділігі жоғары. Қазір менің жанымда 90 рефрендум учаскесінің төрағасы Бақытгүл Нәлібаева тұр. Бақытгүл ханым, рефрендум қалай өтіп жатыр?

 Бұл жолғы рефрендумның тағы бір ерекшелігі сағат белдеуінің барлық өңірде теңестірілуіне байланысты ел бойынша барлық учаске бір уақытта жұмысын бастап, бір уақытта аяқтайтын болады.