Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан тиісті заңнамаға сәйкес тауар шығарылғаннан кейін анықтамалық тексерулер жүргізіледі. Бұл ретте сыртқы экономикалық қызметпен айналысушы салық төлеушілер кедендік құнын растайтын құжаттарын ұсынуы шарт.

 Егер бұлай болмаған жағдайда тәртіп бұзу жағдаяты тіркеліп, тиісті шара көрілуі мүмкін. Сондықтан кірістер департаменті аталған қызмет түрімен айналысушы азаматтарға тиісті құжаттарды жан-жақты зерттеп, мұқият болуларын сұранады. Дикларациялау кезінде қажет болатын құжаттарға тиянақты болу қажетін ескертеді.