Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір тұрғындарын кезекті рет жеке қабылдады. Олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған өңір басшысы жауапты сала башыларымен бірге көтерілген мәселелердің оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.
Қабылдауға Түлкібас, Ордабасы, Жетісай ауданы мен Кентау, Түркістан қаласының тұрғындары келген. Олар кәсіпкерлік, инфрақұрылым, білім салаларына қатысты мәселелерді қозғап, елді мекендерді абаттандыру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Дархан Сатыбалды әрбір көтерілген мәселе бойынша заң шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізіп, жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді.