Шымкенттік өрендер шертпе күй өнерінің құдіретін асқақтатты. Жас күйшілер өзара сайысып, осы өнердің негізін қалаушы Сүгір Әлиұлының шығармашылығын насихаттады. Жас ұрпақтың бойына ұлттық болмысты қалыптасыру бағытында шымылдық түрген дода біздің арнаның түсірілім тобы қатысып қайтқан болатын. Бейнесюжетке кезек берсек.
Сүгір Әліұлы – қазақтың шертпе күй өнерінің негізгін қалаушылардың бірі. Қиыннан қиыстырып, қос ішекті домбырамен көңілге түрлі ой салар туындыны жарыққа шығарған. Оның сол өнері ұрпақтан ұрпаққа әлі жалғасып келеді.
 Дәстүрлі сайысқа шерпе күйге қызығушылығы жоғары 50-ге тарта жас өрен өтініш білдірген. Бүгін Қаратау өнер мектебінде сол балғындардың шығармашылығы сэахналанып, әділ қазылардың жоғары бағасына ие болып жатты.
Кезекті байқауға жергілікті білім басқармасы мұрындық болып отыр. Қосымша білім беру ұйымының мамандары қазақтың төл өнерін насихаттау – азаматтың борымыз,-деп біледі.
Созақ жерінде туып, күллі қазаққа шерпе күй арқылы танылған Сүгір Әли – ұлттың мақтанышы. Оның тәлімін алған талай мықты ұлттық өнерімізді дәріптеуде топ жарып жүр.