Шымкентте бұқараға баспанамен үлестіру көрсеткіші көтерілген. Ағымдағы жылы үй кезегіндегі мың азаматты тұрғынүймен қамту жоспарланған. Соның 414-і пәтер кілтін алған. Тағы 280 азамат арендалық үйге қоныстандырылған. Сондай-ақ, түгедеу шаралары аясында 4 мыңдай азамат үй кезегінен шығарылған. Оған себеп не? Тілші жалғасын.
Шымкентте тұрғын үй алу тізімінде 51 360 азамат тіркелген. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша – 1 737. Тізімде 15 601көпбалалы отбасылар бар. халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы – 17 879.
АЗАТ ИСЛАМОВ, ТҰРҒЫНҮЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 16 119, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 24. Ағымдағы жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға сатып алу құқығынсыз 1 000 азаматқа арендалық пәтер берілуі жоспарланған
Шымкентте мемлекеттік бағдарламадан бөлек, несиелік пәтерге қол жеткізгендер көп. Отбасы банк арқылы 4654 азамат баспаналы болған. Оның 1737-сі Тұран, Бозарық мөлтекаудандарынан 2 және 5 пайыздық несие арқылы қол жеткізген.
ЕРКІН АХЫНШАЕВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Кадр 9157 тайм: 00:40 Келесі жылы жаңалық, ол Наурыз бағдаорламасы бойынша 300 миллиард теңге қаржыға 11500 отбасына конкурс арқылы наурыз айында \үй беруді жоспарлап отырмыз.
Бұған дейін де мәселе ретінде көтерілген «Жастар бағдарламасы» арқылы үлестірілген үйлердің мәселесі әлі толық шешілмеген. Арендалық пәтер тұрғындарының өтініші әлі қанағаттандырылмады. Осы баспаналарды жұмысжшы жастардың атына несие арқылы жазып беру мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Әліптің артын бағалық.