Құқық – қоғам өмірінің негізі. Заң мен тәртіптің сақталуы адамдардың бейбіт әрі қауіпсіз өмірінің кепілі. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізіп, Қазақстанды қауіпсіз елге айналдыру жоспарын көздеп отыр. Бұл жөнінде тиісті тапсырмалар беріліп, орындалып та жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық сауат пен білім туралы да сөз қозғаған еді. Елдегі заңбұзушылықтардың басында осы дерт тұр – деді. Өз құқығын білетін адам өзіне және қоғамға қауіп төндіретін әрекеттердің алдын алады, әділ шешім қабылдап, өзіне тиген зиянмен күресе алады. Сондықтан, әр азаматтың құқықтық сауаты қоғамның үйлесімді дамуы үшін аса маңызды. Оны арттыру үшін азаматтарға құқықтық білім берудің түрлі жолдары ұсынылып жатыр. Мектептер мен ЖОО құқықтық пәндер оқытылып, заңнама негіздері түсіндірілуі керек. Түрлі мемлекеттік мекемелер құқықтық-ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын жиі ұйымдастырып отыруы қажет - дейді сарапшылар.
Өз құқығыңды білу – бұл жеке тұлғаның ғана емес, қоғамның да тұрақтылығы мен дамуының негізі. Құқықтық білімді арттырудың маңызы осында жатыр. Қала тұрғындарына «өз құқығыңызды қаншалықты қорғай аласыз?» деген қарапайым сауал жолдап едік, жауаптарын білсек.