Түркістанда үздіктер марапатталды. Түрлі салада қажырлы еңбек етіп, ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан мамандар іріктеліп, қала әкімінің қолынан алғыс хат алды. Өз саласында оқ бойы озып, жүзден жүйрік танылғандар ел қошеметіне бөленіп, лайықты бағасын алды. Осылай деген қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы үздіктердің көпке үлгі, мотватция екенін алға тартты.
Қорытынды кешке келген қала әкімі қоғам өміріне белсене араласып оның дамуы мен көш ілгері жылжуына өлшеусіз үлес қосқан азаматтарға алғыс айтып, алғы сөз алды.
Уақытпен, ауа-райымен санаспай күн сайын қауіп қатермен бетепе-бет келетін қызмет қатарына – өрт сөндіру саласы кіреді. Қызыл жалынмен алысып, басын бәйгеге тігетіндердің бірі Оралғали Жаңғалиұлы. Еңбегі еленіп, ісі келісті болған жас маман: «отанға адал қызмет атқару азаматтық борышым» дейді.
Марапаттау рәсімі концерттік бағдарламаға ұласып, жеңімпаздар сый-құрметке бөленді. Үздіктерге арнайы статуенкадан бөлек 50 мыңге көлеміндегі ақшалай сыйлық та үлестірілді.