Әділдікке апарар жол. Қазақстандағы сот ісі - азаматтардың құқықтарын қорғау және заңбұзушылықтың алдын алу бағытындағы реттеуші орган. Бұл процесс әрбір адамның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етіп, құқығын қорғауға кепілдік береді. Арна тілшісі осы салада аса ауыр жауапкершілік жүгін арқалап жүргендермен тілдескен еді.

 Ғұмырының саналы бөлігін сот саласына арнаған Алтынай Қиясбекова заңгерлікке жастайынын қызығып келген. Қазір азаматтық, қылмыстық істер бойынша талап-арыздарды меңгеріп, өз ісінің нағыз майталманына айналған. Айтуынша, ісінің жауапкершілігін жақсы түсінеді, әр қадамына мұқият болуға тырысады.

АЛТЫНАЙ ҚИЯСБЕКОВА, СОТ ОТЫРЫСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ 

  Қазір соттардың жағдайы жақсартылған. Заманауи құрылғылар қойылған. Қазір сот залдарында біз хаттамалар әр іспен толтырмаймыз, барлығы аудио, бейнежазба арқылы жүргізіліп, электронды түрде іске тіркеледі. Сол жағынан жеңілдіктер өте көп)

Сот ісінің басты мақсаты – әділдік орнату. Сот жүйесі қоғамның құқықтық мәдениетінің айнасы іспеттес. Егер сот әділ әрі ашық жұмыс істесе, азаматтар арасында заңға деген сенім артады. Бұл – қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі.

ӘКЕЖАН ЕЛШІБАЕВ, ҚР СОТ ӘКІМШІЛІГІ ШҚД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ       
 Департаментте 200-ден аса қызметкер жұмыс істейді басшылық құрамды, бәрін қосқанда. Біздің хатшылар, судьялардың жұмыстарын ұйымдастырады. Хатшылар сот жұмысын ұйымдастарады, тараптарды шақырады)

 Иә, департаментте әркімнің өзіндік қолтаңбасы мен қызметі бар. Мақсат ортақ. Мамандар әр азамат өз құқығын қорғауда сотқа жүгінуден қорықпауы керек дейді. Құқықтық мәдениет пен сауатты арттыру арқылы қоғам әділдікке жақындай түседі. Әділ сот жүйесі – дамыған мемлекеттің негізі.