Биыл қазақ халқының біртуар перзенті, қоғам қайраткері – Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл! Мерейтой аясында Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназияда ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы келген ғалымдар мен білікті педагогтар қайраткер шығармашылығы жайын терең қаузап, еңбектеріне жан-жақты талдау жасады.
Елім десе етегі жасқа толып, қазақ десе қабырғасы қайысқан қайраткер, еңсесін тік көтеріп, қадамын анық басты. Қоғамдық мәселелерге белсене араласып, айтарын іркіп қалмай ірілік танытты. Шындықтың шірімейтінін дәлелдеп, ақиқаттың ақ туын желбіретті. Бас қайғысын ел мүддесінен кейін қойып, қазаққа қалтқысыз қызмет атқарды. Осылай деген мектеп директоры іс-шараның аға буынға да жас толқынға да берері мол дейді.  
РОЗА ЖАҢАБАЕВА, Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ  
– «Оның әлі де ашылмаған тұстары көп. Соның бәрін баяндау үшін арнайы қонақтарды шақырып отырмыз. Осы орайда мектеп директорлары, педогогтер бізде қонақ болып отыр.»
Конференцияда Тұрар Рұсқұлов тұлғасы жан-жақты зерделеніп, ғылыми баяндамалар тыңдалды. Ұйымдастырушылар, мазмұны мен мәні жоғары іс-шара арқылы жас буын санасына отансүйгіштік қасиетін сіңіріп, патриоттық сезімдерін жетілдіруді көздеген.
ГҮЛНАР АХМЕТБЕКОВА, ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-САЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
 – «Шымкент қалалы білім басқармасымен бірлесе өткізіліп отырған іс-шара бұл. Сондай-ақ ұйымдастырушылар қатарында республикалық ардагерлер кеңесі де бар. Біздің мақсат жас буын санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру.»
 "Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден"- дейді ер Әлихан . Мінез деп ұрда-жық тентектіпті, көрсе қызар ақымақтықты емес, алған беттен тайқымайтын табандылықты, қоғам қайғысын қайыспай күйіттейтін қайсарлықты меңзесе керек. Ал халық жүгін арқалап, мінберде мемлекет мүддесін қорғау үшін не керек? Білім. Осы ұранды ту еткен Тұрар Рысқұлов білім саласын жетірдіру, жас өренге ғылым-білімнің маңызын ұғындыру жолда да аянбай еңбек етті.
 Конференция барысында баяндамашылар мен білікті педогогтер басын біріктірген іс-шарада зиялы қауым өкілдері ақын жайындағы тың ақпараттармен бөлісіп, шығармашылығына сараптама жасады.