Шымкенттегі бүтін бір мөлтек аудан балалары бұрынғы зауыт қалдықтарының ортасында оқып жатыр. Жас Дәурен ықшам ауданындағы оқушылар кезінде құрылыс компаниясының қосымша ғимараты болып, кейін ыңғайластырылған мектепте білім алуда. Ғимарат ескі болғандықтан ондағы спорт зал, акт залы талапқа сай келмейді. Ең бастысы бұл емес, балалардың денсаулығы. Өйткені мектеп кезіндегі шифер зауытының аумағында орналасқан. Қасында цемент зауыты бар. Сондықтан ата-аналар мен жергілікті тұрғындар оқушылар уланып жатыр деп алаңдайды. Анық-қанығын тілші зерттеп көрді.
Бүгінде 207 бала білім алатын №67 мектеп қазір қирандылардың қақ ортасында қалған. Себебі айналадағы зауыт фабрикалардың барлығы бүгінде бұзылған. Тек іргеде шаңы бұрқырып Шымкент Цемент зауыты тұр. Ал, балалардың өзі бұл мектепке шыбын жандарын шүберекке түйіп, темір жолды кесіп өтіп келеді. Ауыр жүк вагондары жүретін шойын жол бойы тым болмаса қоршалмаған.
ХАНЗУРА МЫРЗАБЕВА, №67 НЕГІЗГІ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Қазығұрт темір жол деп аталады. бізге кестесін беріп қойған. қай кезде кесте бойынша қоймаған зат әкелетіндігін. Ол кезде ол жерде біздің кезекші ұстаздар қарап отырады оқушыларға. олардың сағаттары бар.
Аталған мектеп ғимараты кезінде құрылыс компаниясының қосымша бөлімі болған. 1990-жылдары 110 балаға ыңғайластырылған білім ошағына айналыпты. Содан бері тек әрлеу-сырлаумен келе жатқан нысан әбден тозып, ескірген.
НӘЗИРА ҚУАНЫШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мектептің ғимараты ескі. Заман талабына сай мектеп керек. Қазақтың әрбір баласы заман талабына сай мектепте оқуы тиіс. 15 жылдан бері қарай осы ғимараттың орнына немесе басқа жерге бір мектеп салуды көтеріп келдім. әлі жауабын алған жоқпын.
30 жыл бұрын 110 балаға арнап өзгертілген ғимаратта қазір 207 оқушы қысылып-қымтырылып оқып жүр. Ыңғайластырылған ғимараттағы спорт зал да заман талабына сай емес. Мұғалім Өмір Шыныбекұлының пікірінше, бұл маң балалар денсаулығына да аса қауіпті.
ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ, "ЗИЯТКЕР ҰСТАЗ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Дәл қазір қауіп жоқ деп ешкім айта алмайды. Себебі, СЭС-тің радиация қорытындысы туралы ешкім ешкім білмейді. Қашан өлшенгенін біраз адамнан сұрадық. Өлшенді ма? ол өлшенсе радиация деңгейі қандай оны ешкім айта алмайды. жоқ деп ешкім көрсеткен жоқ. Сондықтан мұқият түрде тексеру керек.
Статистикаға сүйенсек, Жас Дәурен ықшам ауданында мектеп жасындағы 400-ден асатам бала бар. Аймақта жайлы мектеп болмаған соң олардың көбі өзге жаққа қатынап оқуға мәжбүр. Сондықтан да жергілікті билік жаңа мектептің құжаттарын рәсімдеуге кіріскен.
ТҰРАР САУЫТОВ, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Ксіп айту қиын. Республикадан қаржы қаралады мектептің құрылыстарына. сол себептен қаржы қаралған жағдайда дер кезінде мектеп құрылысы басталады..
Басқарманың айтуынша осы жылы мектеп аумағына санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері талдау жүргізген. Сөйтіп, ешқандай қауіп жоқ деген қорытынды берген. Бірақ Зияткер ұстаз қоғамдық бірлестігінің төрағасы онмен келіспейді. Ол елдің бағытын ескеріп жиі талдау керек деп санайды.