Этнос өкілдері де белсенді. №4-ші референдум учаскесінде таңнан бері қызу қарбалас. Дауыс берушілер Конститутциялық құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасап жатыр. Ал оларға көтеріңкі көңіл-күй сылау үшін «Достық үйі» арнайы ән мен жырдан шашу ұйымдастырған.
Досық үйіндегі дауыс беру учаскесі. Келушілер үшін этнос өкілдері ән шырқап тұр. Ондағы мақсат бұл күннің бұрынғыдан өзгеше, саяси маңызы бар науқан екенін сезіндіру дейді.
«Менің де дауысым маңызды». Осылай деген 77 жастағы Галина әжей өзі тіркелген референдум учаскесіне келді. Иляев көшесі 13 үйді 30 жылдан бері басқарып келе жатқан кейуана жалғыз емес, көршілерін де азаматтық таңдауын жасауға ерте келген.
ГАЛИНА БРАТКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
-Көңіл күйім тамаша, сергекпін. Келсем музыка ойнап тұр, қандай ғажап. Тіпті жан дүнием жадырап-жайнап кетті. Маған мынандай сыйлық та берді, айтпақшы бір қызық айтайын. Бүгін Референдум күні екенін білемін, таңертең дауыс беруді ұмытып кетіппін. Сағатқа қарасам 12 болыпты. Содан асығып, аяғыма кебіс кейіп кетіппін.
ТАТЬЯНА КАПТЫГИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
-Мен болаша қ ұрпағымыз үшін, балаларымның, немерелерімнің, тіпті шөберелерімнің болашағы үшін дауыс беруге келдім. Әрқайсымыз өз таңдауымызды жасасақ, еліміздің экономикасының дамуына қосқан үлесіміз болар еді.
Референдумда таңдау жасау - азаматтық міндет. Оны өтеуге әркім де құқылы. Учаскеде ерекше күтімді қажет ететін жандарға арнайы кабина да қарастырылған. Сонымен бірге бақылаушылар да барлық азаматқа тең жағдай жасалғанын, науқанның барысын жіті қадағалап отырғанын жеткізді.
Шымкенттегі №4 Референдум учаскесіне жалпы саны 902 дауыс беруші тіркелген. 17:00-дегі ақпарат бойынша олардың жартысынан көбі өз таңдауын жасаған.