Еліміз бойынша дауыс беруге құқы бар азаматтардың 57,68 пайызы өз таңдауын жасады. Яғни, дауыс беруге құқылы 12 млн нан астам халықтың 7 млн 62 мыңы референдумға қатысқан. Бұл орталық референдум комиссиясының сағат 16.00-де берген мәліметі. (( КЕСТЕ ))  Алдын ала деректерді есептеу бойынша, Түркістан облысының тұрғындары белсенді. Өңір халқының 70,73 пайызы дауыс берген. Одан кейін Ақтөбе облысы тұр. ШҚО мен Қостанай облысында референдум учаскесіне келіп, бюллетень алған азаматтар көп. Бұл өңірлерде халықтың 65 пайыздан астамы дауыс берген. Ал белсенділігі ең төмен алматылықтар екен. Қала жұртының 20.57 пайызы ғана өз таңдауын жасады. Орталық референдум комиссиясы әр екі сағат сайын мәліметтерді жаңартып отырады.