Енді ғарыш кеңістігінде зымыранды экологияға зиянды отынсыз-ақ  қозғалтуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ жаңбыр мен су тамшыларынан тұрмысқа қажетті электр қуаты өндіріледі. Шымкенттік мектеп оқушылары бірнеше жылдан бері осы жобаларды ғылыми негіздеп, оларды жетілідру үстінде.

Ақжүністің ғылыми жобасына негіз болған  физикалық теория. Ғалымдар әртүрлі зарядталған денеге ток жібергенде ионды жел пайда болатынын дәлелдегенмен оны ешкім іс жүзінде сынап көрмеген болатын.  Ақжүніс ұстазының жетекшілігімен осыны қолға алды. Екі жыл бойына қажетті бөлшектерді жинақтап, ионды жел арқылы жеңіл денелерді суда да қозғалысқа келтіруге болатынына көз жеткізді.

АҚЖҮНІС БОЛАТҚЫЗЫ - 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Бұл қозғалтқышта өте аз қуат 3,8 вольтаж пайдаланылды. Сондықтан ла дәл осы 40-50 сантиметр жолды 10-12 секундта жүріп өтеді.
 Зымырандар отын арқылы қозғалатыны әмбеге аян. Одан ауа ластанады. Ал ионды қозғалтқыштың қоршаған ортаға ешбір зияны жоқ,-дейді оқушы. Енді олар жобаны ауасыз кеңістікте сынап көрмек.
ДАНА ЖҮНІСБЕКОВА - ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
   Қазір суда қозғалтқышымызды қозғап жатырмыз ғой. Енді осыны біз вакумда қалай болады екен деген мақсатта  қозғалтқышымызды жетілідіріп көргіміз келеді. Ол үшін жоғары вакум қажет. Соны университеттермен байланысып жұмыс жасамақпыз.
 Мектеп оқушыларының тағы бір жобасы баламалы энергия  көзіне байланысты. Бұл да көптің көптің қызығушылығын тудырды. Мұндағы тәсіл, суды тамшылату арқылы денелерді үйкеліске келтіру. Қолданыстағы гидроэлектростансалар судың күшін тек генераторды айналдыру үшін ғана пайдаланады.  Жаңашыл процестің пайдалы әсер коэфеценті 13 пайызға, яғни күн батареясынан алынған қуаттыкіні тең. Ал жұмсалатын шығын онымен салыстырғанда анағұрлым аз. 
МӨЛДІР ЫСМАЙЫЛ - 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
    Неғұрлым тамшы көбейсе соғұрлым қуат та көбейеді. Онымен ұялы телефонды зарядттауға болады, диодтты шамдарды да қосуға болады. Және құрылғы өте қарапайым. Жартылай өткізгіштер ғана қажет.
Халалықаралық білім олимпиадасында  шымкенттік оқушылардың жобалары  екінші және үшінші орынды иеленді. Ғылыми жұмыстар плагиаттық тексерістен өткен. Пайдасы мен қажеттелігі туралы мамандардың мақұлдауын алған.