Созақ ауданында 2024-2030 жылдар аралығында құны 640 млрд теңгеге болатын 38 инвестициялық жоба жүзеге асады. Бұл туралы аудан әкімім Мұхит Тұрысбеков Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтты.
Созақ ауданы Түркістан облысында қазба-байлықтар бойынша көш басында
тұр. Түрлі түсті метал, уран өндірісі қолға алынып,
біртараптандырылған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әкімдер жиынында
ауданның даму жоспарын толСозақ ауданы Түркістан облысында қазба-байлықтар бойынша көш басында тұр. Түрлі түсті метал, уран өндірісі қолға алынып, біртараптандырылған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әкімдер жиынында ауданның даму жоспарын толықтыру туралы тапсырма берді.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Біз былайынан жүгіріп жүрміз ғой енді жарайды инвестиция тартамыз анау-мынау деп. Бірақ жердегі қазба байлықтарды өтіп кетіп жатырмыз. Өзбетімен қалып жатыр. БАр ғой газ бар басқасы бар, алтындар бар деді. Бізде негізгі түпкі нәтижеміз жұмс орындарын ашып, салық базасын көтеру ғой. Ертең біз өз-өзімізді қамтамасыз ететін сондай аймаққа өту керекпіз.
Созақ ауданы бойынша 2024-2030 жылдарға жалпы құны 640 млрд. 757 млн. теңгеге 38 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Ашылатын жұмыс орындары – 2 989 адам. Салықтық түсімдер 1 млрд 987 млн. теңге болады деп болжанып отыр.
МҰХИТ ТҰРЫСБЕКОВ – СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
- Бұл жерде біз үш саланы алып отырмыз. Өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, туризм саласы. Одан бөлек бөлшек сауда кәсіпкерлеріміз көптеген ғимараттармен толығып жаңадан жұмыс орындарын ашып жатыр. 15 жоба іске асырылдады. 2024-2025 отызыншы жылдарға дейін.
Іске асырылатын инвестициялық жобалардың нәтижесінде жалпы өңірлік өнім көлемін жыл сайын 6,8 пайызға өсіру арқылы 6 жылда 1,5 есеге арттыру көзделген. Оның ішінде өнеркәсіп саласы бойынша 2030 жылға дейін жыл сайын 6,5 пайыз өсім беріп, 1,5 есеге арттыру, ауыл шаруашылығы саласы бойынша жыл сайынғы өсімді 12,5 пайызға, яғни 2 есеге арттыру жоспарланып отыр.