Қазіргі таңда Түркістан облысындағы 4 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Былтыр мемлекеттік бюджеттің қаржыландыруымен Кентау қалалық ауруханасының «А» корпусы толық күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген еді. Биыл «А1» корпусын толық жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
 Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласына жұмыс сапары баырсында қалалық аурухананың жай-күйімен танысты. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарына қатысты мәселелерді толық шешуді, сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қадағалауды тапсырды. 313 төсек орынға арналған мамандандырылған медициналық ұйым 12 бөлімшеден тұрады. Мұнда 514 қызметкер жұмыс істейді. Аурухана Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендердің 100 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсетіп келеді. Мекеме бір жылда 14 мың науқасқа сапалы медициналық көмек көрсетіп отыр. Өткен жылдың мамыр айында аурухана ғимараты  аккредитациядан өткен.