Ломбард қызметіне жүгініп, кезігін тосып тұрған Шымкент қаласының 18 жастағы тұрғыны мекемеге баса көктеп кіріп, кассадан 100 мың теңге талап еткен қылмыскерге тосқауыл болды.
НАЛО: Бетін жасырған баукеспе ломбард қызметкеріне қару кезеп, ақша сұраған. Сол сәтте құқықбұзушымен қатар тұрған жасөспірім бұзақыға соққы бағыттап, арам ниеттінің жолын кескен. Тұран аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде келіп құқықбұзушыны тұтқындаған. Аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Тілеуов жасөспірімді жасаған ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.