Сессияда көтерілген «Су ресурстары» маркетинг ЖШС мемлекет меншігіне қайтару туралы ұсынысқа мекеме башысы жауап берді. 26 жыл жекенің иелігінде болған су жүйесін Анарбек Орманов әкімдікке беруге қарсы емес. Заң талаптары негізінде өткізбек.
Мәслихаттың 11-ші сессиясында депутат Талғат Балтабаев көтерген мәселеге өзге халық қалалаулылары да пікір білдірген-ді.
ДАРИЯ ҚОЖАМЖАРОВА, МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
- Бұл мәселе бүгін ғана көтеріліп отырған жоқ. біраз жылодан бері қолға алынып келеді. Заңда жазылған. Жер асты байлықтары мемлекеттің меншігінде болуы керек. Тарифтің көтерілуіне қатысты пікір бізді ушықтырып тұр.
БАҚЫТЖАН ПАЗЫЛОВ, МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Мемлекеттің меншігіне өткен жағдайда суды тазалау, оны дезинфекциялау мәселелері мемлекеттің тікелей жауапкершілігінде болады. Мекеме стратегиялық нысан сондықтан халық денсаулығын жақсарту бағытында оның осы әкімдікке қарасты болағын дұрыс деп ойлаймын.
Жиында белгілі боғандай, «Су ресурстары» маркетинг ЖШС-не қатысты халық арасында шағым көп. Тарифтің қамбаттығы, су тазартқыш құбырлардың жүргізілмеуі халық наразылығын тудырған. Алайда монополист бұл шешімдермен келіспейді. Депутат көтерген бастама – мекемеге тағылған айып, - деп отыр.
АНАРБЕК ОРМАНОВ, «СУ РЕСУРСТАРЫ» МАРКЕТИНГ ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ
-Мен бізге тағылған айып орынсыз деп білемін. Орынсыз айыптамай, келсін, көрсін айтсын. Менің қарсылығым жоқ, алсын, басқарсын. Біздің ЕҚДҚ банкінде 12 млрд берешегіміз бар. Мекеменің 54 пайызы кепілдікте тұр. Шақырып үш жақты отырайық, келісейік.
Алайда сессияда қала әкімі мәселеге қатысты алып қашпа әңгімені жоққа шығарған-ды. Ғабит Сыздықбеов мекемені бір кісіден алып, екіншінің меншігіне беруден аулақ. Бәрі заң талаптарына сай жүргізілмек.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
алынған ақша орнымен жұмсалмаған. Мен құқық қорғау органы емеспін, оның бәрін тексеру жүреді. Тексерген соң жұмыс жүре сабтады. Субсидияға салынған дүниелер ақталмаған. 2021 жылы убитка болған. Кәріз құбырлары да басқа да құбырлар тиіс
Айтып өтейік, Шымкенттегі су бағасы Республика бойынша ең төмен тарифте. Мамандар табыстың 41 пайызын сапаны жақсартуға жұмсап келгенін алға тартып отыр. Осындай қарқынмен 26 жылдан бері мемлекетке иек артпаған. Ендігі мәселе мекеменің 12 млрд қарызын өтеп, кепілдіктегі мүлікті шығару қажет. Бұл жұмыстар 1-2 жылдың көлемінде шешілмек емес.