Халықаралық «Жұбановтар әуені» байқауының лауреаты «Сүгір» атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің құрылғанына биыл 22 жыл.
Төл өнеріміздің өрге жүзуіне сүбелі үлес қосқан оркестрдің алғашқы дирижеры ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мұса Жарқынбеков болатын. Саналы ғұмырын өнерге арнаған өмірден өткеннен кейін оркестрге ҚР мәдениет қайраткері, Халықаралық Ш.Айтматов қоры сыйлығының лауреаты Есіркеп Жолдасов дирижерлық жасап, биік шыңға шығуы үшін барын салып қызмет атқарды. Қазақ өнері үшін жаралған жандарды еске алған өнер ұжымы «Ғұмыр дария» атты кеште нар тұлғалардың шығармаларын орындады.