Түркістан қаласының полицейлері алаяқтық қылмысына қатысы бар жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Күдікті ер адам танысының сеніміне кіріп, мүгедектікке шығарып беремін деп алдын ала ақша алған.
Осылайша 8 адамды құрығына түсіріп, 3 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Полицейлер оның жәбірленушілерден алған ақшаны жеке басына жұмсап жібергенін анықтады. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.