Желтоқсан айында отандастарымыз мерекеге орай бірнеше күн демалады. 16 желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан азаматтары қосымша демалысқа шығады.
Демек: бес күндік жұмыс аптасында – 14, 15, 16 желтоқсан демалыс күндері болады. Алты күндік жұмыс аптасында – 14 желтоқсан - жұмыс күні, 15 және 16 желтоқсан - демалыс. Сонымен қатар желтоқсанда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс және демалыс күндеріне қарамастан, мереке атап өтіледі. Кәсіби мерекелердің тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен енгізілді: 5 желтоқсан – Адвокатура күні;
6 желтоқсан – Прокуратура күні; 15 желтоқсан (желтоқсанның үшінші жексенбісі) — Энергетика күні; 20 желтоқсан – ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні; 22 желтоқсан – Мұрағатшылар күні.