Жол сапасы – басты орында. Оны  жөндеу жұмыстары кезінде жаңа технологияларға сүйену керек. Облыстағы жол салушы мердігер, авторлық, техникалық қадағалаушы мекемелер, аудан, қала әкімдіктерінің қатысуымен кеңейтілген жиында «Қазақстан  жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның президенті осылай деді.
Мәжіліс барысында автомобиль жолдары  саласы  бойынша өзекті мәселелер ортаға салынды. Нақтырақ айтқанда, жол жөндеу жұмыстарына жаңа технологияларды қолдану керектігі айтылды. Сметалық құжаттамаларды әзірлеу  кезінде нормативтік базаға енгізіліп жатқан өзгерістер және карьерлердің бірыңғай электрондық базасын қалыптастыру жайы да сөз болды. Авторлық, техникалық қадағалаушы мекемелер тарапынан туындайтын сұрақтар және облыстағы  жол мамандарын қайта даярлаудан өткізу бойынша нақты мәліметтер берілді.

АРМАН АЛИБАЕВА,  «ҚАЗАҚСТАН  ЖОЛ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ
Зертханаларымызда жол құрылыс материалдарын сынақтан өткіземіз. Автомобиль жолдарының паспорттарын реттейміз. Сіздерге қандай жаңалықтар қандай реформалар жүргізіліп жатыр министрлікте соны баяндаймыз.