Қаржылық сауаттылық көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алады. Түркістандық мемлекеттік қызметкерлер осы мәселені халыққа жеткізу үшін алаңға шықты. Заң мен тәртіп. Экономикалық қауіпсіздік. «Қаржылық сауаттылықты арттыру және тәуелдікпен күрес» форумы аясында флешмоб ұйымдастырды.
Әкімдіктің алдына жиналған мемлекеттік қызметкерлер қоғамдағы өзекті мәселелер жайында ойларын ортаға салды. Мәселен биыл өңірде интернет алаяқтық бойынша 454 іс тіркелген. Оның 196-сы сотқа жолданған. Тәуелділіктен бас тарту да басына түскен жандарға оңайға соқпайды. Сондықтан алаңға шыққандар өзекті мәселелердің алдын алу қажеттігін тілге тиек етті.