Елімізде соңғы он ай ішінде 100 мыңға жуық жұп шаңырақ көтеріп, көп өтпей оның үштен бірі айырылысқан. Ажырасулардың негізгі себебі мен басым бөлігі бала сүйіп, нәрестелі бола алмаудан дейді мамандар. Статистикаға сүйенсек, үйленіп үйлесім таба алмағандардың 60 пайызына ортақ мәселе – белсіздік пен бедеулік. Осылай деген ақ халаттылар дабыл қағып, ескерту жасайды. Бедеулікке не себеп, белсіздіктен қалай сақтанамыз?! Қанат Жолдасбек зерттеп көрді. (Жалпы подводкаға графика жасатып, лэдке қойып, көрсетіп айтып тұрсаң жақсы. Қанша жұп шаңырақ көтерді, нешеуі ажырасты, оның ішінде нешеуі бала сүйе алмағандықтан ажырасты)
 Мамандардың айтуынша бала сүйе алмаудың басты себебі – жыныстық инфекциялар. Қан арқылы не жыныстық жолмен жұғатын мұндай кесел ауырсыну тудырып белгі бермейді. Іште жатып асқынады. Мән бермеудің соңы ұрық сапасын әлсіретіп, белсіздік пен бедеулікке апарады. Осылай деп дабыл қаққан мамандар «ұят, ұят» деп, ұрпақсыз қалғыңыз келмесе, алты айда бір дәрігер қабылдауына барып тексерістен өтіп тұрыңыз дейді.  
МҰСТАФА ИСА, УРОЛОГ
– «Инфекциялардың симптом беттерін және білінбейтін түрлері бар. Хломедия инвекциясы мүлдем белгі бермейді. Зәр шығаратын жолдарға жұғып, простатаға, ұрық өндіретін жолдарға, сосын аталық бездерге барады. Сосын ұрық сапасын күрт төмендетіп тастайды.» -
Бедеулік пен белсіздікке жетелейтін тағы бір фактор – зиянды әдеттерге әуес болу. Есіріп есірткі қолданатындар мен алкгольді ішімдік тұтынатындар ұрық сапасын әлсіретіп қана қоймай, болашақ нәрестенің шала туып, дерт арқалауына да сеп болады. Осылай деген мамандар, бұл қатарға химиялық вейптер мен энергетикалық сусындарды да қосыңыз, - дейді.
ЗУХРА ЖАНТАЕВА, ECOMED МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
– «Генетикалық потология, мутацияға ұшырау неден пайда болады? Бұл зиянды іс-әрекеттерді жасағаннан.» «Энергетикалық сусындар, темекі, насыбай, синтетикалық есірткілер, ішімдіктер және дұрыс емес ұйқы, мұнай-газ бен уранда көп жұмыс жасау проблеманы өршітеді»
 Белсіздік пен бедеулікке ұшырап, тұйыққа тірелгендер эко жүйесіне жүгінеді. Мамандар аталық ұрық пен аналық ұрықты біріктіріп, нәтижелі эмбрионды жатырға енгізеді. Ақ халаттылар, шошынатын түгі жоқ. Алынатын жасуша толығымен сізге тиесілі, тек табиғи жолмен болмаған жүктілікті лабораториялық тәсілмен қалыптастырамыз, - дейді. Аты-жөнін жасырын қалдыруды өтінген келіншек бала сүюді 14 жыл аңсаған. Ем іздеп баспаған тауы, бармаған жері қалмапты. Амал-шарасы таусылған ол ақыр-аяғы эко көмегіне жүгініп, балалы болған. Биыл жасанды ұрықтандыру тәсіліне екінші рет жүгініп, тағы оң нәтиже алған.    
Эко қызметінің өзіндік құны қымбат. Шамамен 1 млн теңгеден асады. Ал бұл баға қарапайым халық үшін қолжетімсіз. Мұны ескерген есті үкімет «Аңсаған сәби» жобасын жасап, жасанды ұрықтандыру квотасын ұсынады. Биыл Шымкенттік жұптарға 441 квота бөлінген. Оған үмкерлер саны 328-ді құрап отыр. Дәрігерлер, аталған мәселемен бет-бет келе қалсаңыз, емші-тәуіп жағаламай бірден медицина көмегіне жүгінгеніңіз абзал, - дейді.