Еңбек адамдарына құрмет жоғары. Қарапайым қатардағы қызметкерлердің құқығы қашан да қорғалуы керек. Ал бұл тұрғыда кәсіподақтардың маңызы зор. «Қызмет» салалық кәсіподағының конференциясында тағы қандай мәселе айтылды? Мемлекеттік қызметкерлерден бастап банк мекемелері, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарының басын біріктіретін ұйымның жиынынан сюжет көріңіз.  
 Шымкенттің төрінде Түркістан облысының аудан-қалаларынан кәсіподақ комитеттерінің төрағалары бас қосты. «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Түркістан облыстық ұйымының ХХХІ есеп беру – сайлау конференциясына жиналды. Күн тәртібінде бірнеше мәселе көтерілді.  
 Есеп беру- сайлау конференциясына бірлестіктің төрағасы да арнайы қатысты. Астанадан келген мейман кәсіподақтың атқарған жұмысына жоғара баға берді. Әсіресе, еңбек дауларын шешу мен қызметкерлерді сауықтыру іс-шараларына тарту көрсеткішін бағалады.    
Түркістан облыстық кәсіподақ филиалында 412 бастауыш ұйым бар, оларда жалпы 12 500 қызметкер мүше. Бүгінгі конференцияға 73 делегат тіркелген, соның бірі Қасымбек Тұрсынбайұлы Мақтаарал ауданынан келіп отыр. Оның айтуынша, еңбек ресурсы жүрген жерде одақ болуы керек.  
 Еліміздің 8 облысында шипажай қарастырылған. Оларға кәсіподаққа мүше қызметкерлер арнайы жеңілдетілген бағамен бара алады. Салалық ұйымда республика бойынша 100 мыңнан аса мүшесі бар. Оның ең көбі де дәл осы Түркісан облыстық филиалына тіркелген.