Абай ауданында бұған дейін түйіткілді проблемаға айналып келген электр жарығы мен ауыз су мәселесі шешімін тапқан. Алайда екі елді мекен тұрғындары әлі күнге дейін көгілдір отынсыз отыр. Аудан әкімі Шәкір Сұлтанхан бұл проблема биыл шешілетінін айтады. Журналистердің басын қосып, 2024 жылы атқарған жұмыстарына есеп берген басшы биылғы жоспарымен де бөлісті.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ:
Абай ауданы халық тығыз орналасқан. Мұнда 258 мыңға жуық адам тұрады. Шағынаудандар мен елді мекендерде инфрақұрылым мәселесі әлі де өзекті. Мәселен ауданда 27 елді мекен болса, Ынтымақ-2 мен Тәуелсіздікке-20 жылдың тұрғындары әлі күнге дейін көмір тасып, пеш жағады.
ШӘКІР СҰЛТАНХАН, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Табиғи газбен 25 елді мекен қамтылған ол – 92,6% құрайды. Ағымдағы жылы 2 елді мекенде, атап айтқанда Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Қайнарбұлақ саяжайын табиғи газбен қамту бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде газбен қамтылмаған елді мекендер саны – 2-ді құрап отыр, ол 7,4% құрап отыр. Бүгінгі таңда 2 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Ынтымақ-2 шағын ауданы – 95% құрылысы аяқталған, газға қосу жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар, Тәуелсіздікке-20 жыл тұрғын алабында - 95% құрылысы аяқталған.
Ауданда 1274 көше болса, соның 447-і жарықтандырылған. Қазіргі таңда ішкі орам көшелерге жарық шамдар орнатылмақ. «Халық қатысатын бюдждет» жобасы аясында құны 491 миллион теңгені құрайтын жұмыстар сәтті жүзеге асқан. Оның 18-і балалар, екеуі спорт алаңшасы.
ШӘКІР СҰЛТАНХАН, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Халық қатысатын бюджет жобасы аясында жоба құны – 76,1 млн.теңгені құрайтын 1 гүлзар Жиделі шағын ауданына салынды. Сонымен қатар, 15 мың шаршы метрге 22 көшеге,15 шақырым аяқ жол салуға – 200 млн.тг, бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ:
Аудан аумағында жалпы 150 шақырымға жуық ирригациялық жүйе болса, биыл 27 көшеге арық-атыз жүргізілген. Сондай-ақ қоқыс мәселесі де шешімін тауып, алаңшалар жаңартылды. Нәтижжесінде 363 жаңа қоқыс жәшігі орнатылды.