Ішкі істер министрлігі шетелдегі Қазақстан азаматтарына алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
Біздің мыңдаған азаматтарымыз шет елдерде оқуда немесе жұмыста жүр. Олар өзара Telegram және WhatsApp-чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі. Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. Әккілер осындай чаттарға қосылып, өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады. ІІМ мәліметінше, алайда олар ақшаны ауыстырғысы келетіндерді байланыстырмай, криптовалюта сатумен айналысатын адамдардың немесе дроптардың шоттарын жібереді. Түскен қаражатты алғаннан кейін алаяқтар хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді. Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осылай алдау жағдайлары орын алды. Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз, – делінген хабарламада.