Мемлекеттік тілдің мәртебесі әрқашанда биік болу керек. Елімізде барлық ұлттарды құраушы тіл – қазақ тілі. Ана тілімізді дамытуға өзге ұлт пен ұлыс өкілдері де атсалысуы керек. Бұл бағытта Қазақстан Халықтары Ассамблеясы қандай шаруалар атқаруда? Тақырыпты тілші тарқатады.
Еліміздегі этнос өкілдері дәстүр-салтын жоғалтпай, тарихын ұмытпай еркін өмір сүруде. Досқа құшағы ашық, қазақ халқы ұлты өзгені өгейсіткен емес. Сондықтан мемлекетті құраушы ұлттың тілін тану баршаға парыз –дейді Шымкен қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Тахирбек Нышанбаев.
Еліміздің беріктігі бірлікке байланысты. Ынтымақ ұйысса ғана мемлекетіміздің мәртебесі биік болмақ. Этнос өкілдері достықты ту етіп, ауызбірлікті насихаттаудан талмайды. Бірлік үлгісін жастарға насихаттап жүреді.
Мегаполисте 17 этномәдени бірлестік бар. Барлығыда бірлікте еліміздің дамуына өзіндік үлес қосып келеді. Олар мереке күндері ғана жалаулатпай, қоғамдық істергеде белсене араласады. Өткен жылы батысты су басқанда да бірінші болып ассамблея өкілдері гуманитарлық көмек ұйымдастырды. Жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созуды бірлестіктер дәстүрге айналдырған.