ҚР Журналистер Одағының Шымкент қаласындағы филиал төрағасы Уәли Қыдыр 50 жаста. Оңтүстік телеарнасында 10 жылдан астам уақыт басшы болған тілші мерейтойға толағай табыстармен жетіп отыр. 30 жылдан астам уақыт журналист болған ол мамандық таңдаудағы талғамына дән риза.
Уәли Қыдыр 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, аудандық газетке мақала жазып, оқырманның жүрегіне жол тапқан. Қара қылды қақ жарған маман болып қалыптасуына қатарластары сеп болыпты.
Уәли Қыдыр 2013 жылы туған жерді түлету мақсатында Алматыдағы жемісті жұмысын тастап келді. Аймақтың бас арнасына 11 жылға жуық басшылық жасап, жоғары ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. Күнгей өңірдің патша көңілді көрерменіне тың жобалар ұсынды. Соның арқасында 33 жылдық тарихы бар жергілікті телеарна бұрын-соңды жетпеген соны жетістіктерге жетті.

Білікті маманның қанатының астында талай жас тәрбиеленді. Олар өңірдің әлеуметтік мәселесін көтеріп, мінбердегілерге жеткізіп жүрген жайы бар. Солардың бірі – Хабар арнасының Шымкент қаласындағы меншікті тілшісі Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы.
 Уәли Сағындықұлы кәсіби маман ғана емес, жақсы дос. Оның ер мінезділігі мен әзілқой әңгімелері талайдың таңданысын тудырған. Туындаған мәселені әзіл-қалжыңмен жеткізетін астарлы ойларын замандасары күле отырып әңгімелейді.
 Елу – ердің жасы,-дейді қазақ. Еңселі жасты еңсеріп, елге еңбегімен сыйлы болып отырған азаматты біз де жаңа жасымен құттықтаймыз. Мегаполистің өсіп-өркендеуі жолында әлі талай тер төгетініне сеніміміз мол!