Түркістан облысында 2024 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды. Алдын ала есеп бойынша жалпы өндірілген өнім көлемі 4,9 трлн теңгені, ал қысқа мерзімді экономикалық өсім 111%-ды құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау секциясынан басқа көрсеткіштер нәтижелі болды.
Облыста өнеркәсіп өнім көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Өсім 110,1% деңгейінде қалыптасқан. Өңдеу өнеркәсібі өнімі нақты 585,4 млрд теңгені құрап, 13,1%-ға артқан. Ал ауыл шаруашылығы өнім көлемі 1 трлн, 83 млрд теңгеден асты.
Жаңа жылдан бастап аудан, қалалардың экономикалық даму өсімін жақсартататын жоспарлар әзірленіп жатыр. Әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары бойынша рейтингтік бағалау да тұрақты түрде әр тоқсан сайын жүргізіліп отыр.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бұдан былай рейтингте соңғы үштікті түйіндеген аудан әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бақылауға алынады. Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша және өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар өңір басшысының назарында болмақ.