Дәстүрлі садақ атудан ашық турнир өтті. Ересектер арасындағы спорттық іс-шара Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналды. Мергендер сайысы №72 жалпы орта білім беретін мектептің спорт алаңында ұйымдастырылды.  
Іс-шара қазақ халқының бай мәдени мұрасын сақтап, садақ атудың ұлттық өнерін насихаттау мақсатында және батыр тұлға Бауыржан Момышұлын еске алуға арналды.
 Ербол Тәпенов Астана қаласынан келген мерген. Ол 2024 жыл өткен көшпенділер ойынының күміс жүлдегері. Қазіргі таңда наурыз айында өтетін Азия чемпионатына дайындық  үстінде.  
ЕРБОЛ ТӘПЕНОВ, ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ
 Дәстүрлі садақ ату Қазақстан бойынша жақсы жамып келе жатыр. Бұқаралық спорт болғанан кейін біздің астанада көңіл жақсы бөлінеді. Астанада клубтар бар. 4-5 клуб бар. Қазіргі уақытта күн суық болғанан кейін қысқы дистанцияда атып отырмыз. Садақ атуда ұзын дистанциябар. Жазғы дистанцияда 70,50 метр 30 метр бар. 30 метрді мекеме ішінде атып отырмыз. Дайындық тоқтамай жүргізілуде.  Бұл ең бірінші жарыстардың бірі ғой? Келіп тұсауын кесіп сөйтіп отырмыз.
Ашық турнирге Түркістан облысы мен Шымкент, Астана, Тараз, қалаларынан 20 мерген қатысты. Олар  нысанаға 50 метр қашықтан оқ атып, бақ сынады. Спортшылар көктемгі Азия чемпионаты мен Түркияда өтетін мергендер сайысына қатысатын болдаы.
 ЖӘНІБЕК ҚҰЛМЫРЗАЕВ, ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУ СПОРТ ТҮРІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
  Бүгінгі шара азия кубогына дайындық ШЫмкент қаласының құрамасының жігіттерін формада ұстап тұру және осы 50 метр қалқаннан жақсы жаттығу мақсатында. Себебі 50 метрден биыл азия кубогы бар осы ШЫмкент қаласында өтеді. Түркияда фити кубкасы бар 50 метрден. Май айында өтеді. Соларға дайындық ретінде ғой негізі.  
 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында ұлттық спорт клубына тіркелген 2 клуб жұмыс істеп тұр. Онда 0-ге жуық мерген тіркелген.