Қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 31 мыңға жуық адам тест тапсырды.  Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, шекті балды 60 пайызға жуық талапкер жинаған, ал орташа балл - 58.  Ең жоғарысы – 136, оны Түркістан облысының оқушысы жинады.  Талапкерлердің басым бөлігі математика-физика, биология-химия  және шығармашылық емтиханды құп көрген. Ал химия-физика пәндері ең аз таңдалған. Қаңтар ҰБТ-сы 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Оған қатысу үшін жалпы 167 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.

Қаңтар айындағы ҰБТ
31 мың талапкер
Ең жоғары балл – 136
Шекті балл – 60%
Орташа балл – 58
Талапкерлер таңдаған комбинация
 Математика-физика - 18,2%
 Биология-химия - 13,5%
 Шығармашылық емтихан - 13,3%
Химия-физика - 55 адам тапсырған ))