Шымкент – шырайлы қала. Осы статусты сақтауда бірқатар жұмыстар қолға алынған. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы да шаһар көшелерін күл-қоқыстан тазартуға мүмкіндік сыйлады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл,-дейді тұрғындар. Мегаполистің тазалығын сақтауда әрбір азамат тәртіпті болса болғаны.
Шымкент – жасыл қала. Оның көкеюі әрбіріміздің жауапкершілігіміз. Десе де қала көшелері бұрынғы уақытпен салыстырғанда едәуір жақсарып қалған. Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары да қаланың көркін келтірген.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы да талай мәселенің түйінін тарқатқан. Мамандар осы жоба негізінде жалпы аумағы 400 мың аумақты құрайтын 24 көшені абаттандыруды қолға алмақ.
Сондай-ақ Шымкентте экологиялық саябақ бой түземек. А2 тас жолы бойындағы бұрынғы қоқыс полигонының орны саябаққа айналады. 45 гектар аумаққа демеушілер есебінен ағаш отырғызылмақ. Бұл орын Денрологиялық саябақ секілді қала тұрғындары үшін демалуға арналған бірден бір орын болмақ.