Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пунктері уақытша жабылады. Кеден бекеті 2025 жылдың 27 қаңтарынан 1 ақпанына дейін жұмыс істемейді.
Шектеулер ҚХР-да Көктем мерекесіне байланысты қойылып отыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Осыған байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Ал теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады. Қытайлық Жаңа жыл - Чуньцзе немесе Көктем мерекесі - ең маңызды мереке, ол екі мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келеді. Биыл қытайлық Жаңа жыл 29 қаңтарға түсіп тұр және мерекелер дәстүрлі түрде 15 күнге созылады.