Түркістан облысында шегіртке мен ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрес күшейтілді. Химиялық өңдеу жұмыстарын бір күн де кешіктірмеу, жағдайды бақылауда ұстау, дәрі сапасын қадағалау, жұмысты сапалы атқару жұмыстары өңір басшылығының тікелей бақылауында.
Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мен фитосанитариялық іс-шараларын уақытылы әрі сапалы жүргізіп келеді. Жұмысты реттеп, кемшілікке жол бермеу қажет. Техникалардың, мамандардың, жұмысшы топтардың дайындығы жіті бақылауда.
Зерттеулер нәтижесінде Түркістан облысында 2025 жылы шегіртке зиянкесіне қарсы химиялық өңделетін жалпы 384 мың гектар аумақ анықталған. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан биыл облысқа 192,0 мың гектар аумақты өңдеуге қаржы қаралды. Бірақ, бұл шегірткеге қарсы күресуге толық мүмкіндік бермейді.
Зерттеулер нәтижесінде облыстың негізгі 9 аудан, қаласындағы 56 ауыл округіне қарасты аумақтардан шегірткенің 2143 ошағы анықталды. Жалпы 65 аумақта жұмысшы топ айқындалды. Шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру шараларын тиімді жүргізу мақсатында 4 жедел штаб орны белгіленді.
Биыл облыстық бюджеттен саяқ шегірткелермен күреске тиісті қаржы бөлініп, 50 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Шегірткеге қарсы күрес барысы облыс әкімінің қатаң бақылауына алынған. Жалпы 372 мың гектар аумақта шегіртке зиянкесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Химиялық күрес шараларына 205 жерүсті желдеткіш бүріккіш техникасын жұмылдыру көзделген.