Картоп экспортына қойылған шектеуге байланысты шекара бекеттерінде бақылау күшейтілді. Ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында, көкөністі үшінші елдерге әкетуді 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылданды.
Осыған орай, Түркістан облысының барлық кеден бекеттеріндегі карантин инспекторларына және аудандық инспекция қызметкерлеріне картоп экспортына енгізілген шектеулер ескертіліп, бақылау күшейтілді. Облыс әкімінің тапсырмасымен өңірде штаб құрылып, шекара аймақтары бақылауға алынды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сарыағаш теміржол станциясында ведоствоаралық мәжіліс өткізіп, штаб міндеттерін белгіледі. “Майский” кеден бекетінде шекарашылармен кездесіп, қадамдық жоспармен таныстырды. Тұрақтандыру қорында 4 309 тонна картоп өнімімен форвартық келісім-шарт жасалған. 19 қаңтардағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорының қоймасында 110 тонна, шаруақожалықтардың қоймасында 3 541 тонна картоп сақтаулы. Бұл қор 3 айға қажеттілікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ҚР Сауда және интеграция министрлігіне Пәкістан Республикасынан тасымалдауға ерте пісетін картоп өніміне ақпан айынан бастап ар айға 500 тоннадан өтініш берілген. Ағымдағы жылы болжам бойынша өңірімізде ерте пісетін картоп 6 844,4 га орналастырылып, одан 186,3 мың тн өнім жинау жоспарланған. Бұл өз кезегінде мамыр айынан бастап өңір тұрғындары мен басқа облыс халқын ерте пісетін картоппен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.