Биыл Шымкент қаласы бойынша 16 көпқабатты тұрғын үйде, 29 жеделсаты қондырғылары ауыстыру жоспарланға. Қазіргі таңда, 12 көпқабатты тұрғын үйдің 22 лифт қондырғыларын ауыстыру жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін қосымша 4 көпқабатты тұрғын үйге 6 жеделсатыны ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, Нұрсат шағын ауданындағы № 128, 132, 135В, 135Б, 135А тұрғын үйлердің пәтер иелері лифт қондырғыларын ауыстырылуы қажет екендігі туралы өтініш білдірген болатын. Осыған орай, көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер иелерімен жалпы жиналыс өткізіліп, заңнама талаптары толық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хаттама берілді. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу, реконструкциялау, реставрациялау, жеделсаты туралы шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста белгілі болады. Ал шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен жағдайда қабылданады.