Түркістандық полицейлер бір түнде заң тәртібін бұзған 200 жасөспірімді анықтады. Құқық  қорғау қызметкерлері еріктілер, мұғалімдер мен масс-медия өкілдерімен бірге қаладағы кафе-барлар мен ресторандарды, ойын клубтарына тексеріс жүргізді. Нәтижесінде бірқатар жасөспірімдер анықталып, полицияға жеткізілді. Тәртіп бұзғандар мен олардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік шара қолданылды.   
 Мәселен орталық көшелердің бірінде орналасқан ойын клубын тексеру кезінде, 6 жасөспірім анықталды. Жасөспірімдердің ата-аналары мен ойынхана әкімшілігінен түсініктеме алынды, хаттама толтырылды. Келесі бір көңіл көтеретін орыннан 17 жасар жасөспірімнің қыдырып жүргені анықталды. Түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың болуына жол берген 8 ойын-сауық орындарының иелеріне шара көрілді.
 КЕРІМ ҚАПАШОВ, ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ АҒА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ
Осы жерде нысан қожайынына бірінші жеке басын анықтаймыз. Одан кейін кірістер басқармасына жолдаймыз тіркелген тіркелмегендігі жөнінде.  Онда дара кәсіпкер, жеке кәсіпкер ірі кәсіпкер деп бөлінеді. Сондықтан біз кәсіпкерлің анықтамасын алып соған байланысты ҚР ӘҚБтК 132 бабымен әкімшілік хаттама рәсімделеді.
 Рейд барысында  балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 17 ата-ана жауапқа тартылды. Қоғамдық орында мас халде жүрген 1 жасөспірім анықталды. Ал кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы бойынша 157 жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылды.
МҰХТАР ТУҒАНБАЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
 ПД бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың қараша айының 18-20 аралығында түнгі қаладағы балалар жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау, болған қылмсты дер кезінде ашу. Іс-шараның бірінші тәйлігінде кәмелетке толмағандармен жасалған 200-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Және де ішіістер орган есебіне 21 кәмелетке толмағандар құқыбұзушылыққа бейім ретінде есебіне қойылды.
Тәртіп сақшылары атқарған үздіксіз шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 9 айында облыста кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар 6%-ға төмендеген. Тіркелген қылмыстың басымы ұрлық болып табылады.