Түркістан облысының Полиция департаменті есірткінің заңсыз айналымына қатысты мәселелерді талқылау мақсатында Үйлестіру кеңесін өткізді. Жиында есірткіге қарсы іс-қимыл бойынша проблемалар қаралып, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстар мен атқарылған жұмыстар талқыланды.
Түркістан облысының полициясымен жыл басынан есірткінің заңсыз айналымына қатысты 650-ден астам дерек тіркелген. 330 келіден астам есірткі тәркіленіп, есірткі қылмыстарын болдырмау мақсатында 48 000-ға жуық оқушы мен студенттің қатысуымен профилактикалық іс-шара өткізілген.  Аләлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында телеграм каналда анықталған 34 интернет дүкеннің қызметі тоқтатылды. Киберқадағалау бағдарламасы арқылы 104 сайт бұғатталды. Үйлестіру кеңесінің мүшелері жиын барысында нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды, жастар мен оқушылар арасында тәрбие жұмыстарын және дәрістерді бірлесе күшейтуге уағдаласты.